EduTest
ҚАЗРУС
Кіру

Қазақстан оқулықтары бойынша іздеу

Тақырыпты, терминді немесе есімді жаз — мектеп оқулығының сол талданған бетін табамыз. 1-11 сыныпқа арналған қазақ және орыс оқулықтары.

Табылды: 20

Қазақстан тарихы. 10-сынып10-сынып83-бетОқу →

Қазақ хандығы құрылуының қазақтар этногенезі үшін маңызы. Жәнібек пен Керейдің Әбілхайыр хандығынан бөлініп көшуі мен Қазақ хандығының құрылуы қазақ халқының қалыптасуына әкелді. Ол ежелгі замандардан басталып, түрлі кезеңдерді бастан өткере отырып, XV ғасырда аяқталған үдеріс болды. Осы уақытта Шығыс Дешті Қыпшақтағы Орыс хан ұлысының халқын құрайтын қазақ рулары2 мен тайпаларының бірлестігі...

Қазақстан тарихы. 10-сынып10-сынып146-бетОқу →

Аға және кіші хандар. Бірнеше ғасыр бойы Қазақ хандығы биліктің орталықтанған және орталықсызданған кезеңдерін басынан өткерді. Біртіндеп орталықсыздану басым түсіп, хандықты бір адамның басқа-руы тоқтатылды. Бұл жүздік жүйенің пайда болуымен байланысты еді. Тәуке хан билігін барлық жүз таныған Қазақ хандығының соңғы аға (ұлы) ханы болды. Кейін әрбір жүздің өз ханы сайланды. Алайда ХVІІІ ғасырға...

Қазақ әдебиеті. 7-сынып7-сынып52-бетОқу →

Қазақ хандығының пайда болуы – Қазақстан жерінде XIV–XV ғасырларда болған әлеуметтік-экономикалық және этникалықсаяси үрдістерден туған заңды құбылыс. Қазақ хандығы – бүгінгі Қазақстан Республикасы мен көрші аймақтардың аумағында 1465–1847 жылдар аралығында өмір сүрген мемлекет. Ол Еділден Жайыққа дейінгі аймақты, Сырдария мен Әмудария өзендерінің аралығын, Хорасан жерін қамтыған. Мемлекет...

Қазақстан тарихы. 10-сынып10-сынып141-бетОқу →

Аласапыран және өзара қырқыстар дәуірі. Қасым ханның өлімінен кейін Қазақ хандығында алаауыздық басталды. Қазақ хандығының құдіреттілігі қайтып, өз жерлерінен айырыла бастады. Қазақтардың қолында тек Жетісу мен оларға қосылған қырғыздар ғана қалды. 1537 жылы Моғулия ханы Бұхара билеушісімен одақтасып, қазақ-қырғыз әскерін ауыр жеңіліске ұшыратты. Бұл туралы «Тарих-и Рашидидің» авторы Мұхаммед...

Қазақстан тарихы. 10-сынып10-сынып93-бетОқу →

Жүздердің шығу тегін тек аталған факторлармен ғана байланыс-тырмайды. Жүздердің шығу тегінің кең таралған нұсқаларының бірі «әскери» нұсқа болып табылады: қазақтардың тайпалар одағы Әбілхайыр хандығынан бөлінген (көшіп кеткен) соң, өз тәуелсіздігі мен аумағын қорғауға тиісті, хан басқарған әскери-саяси құрылым (Қазақ хандығы) болды. Сондықтан жүздер – сұлтандар басқарған Қазақ хандығының әскери...

Қазақстан тарихы. 10-сынып10-сынып138-бетОқу →

Қорытынды. Жошы ұлысының құрамынан Шығыс Дешті Қыпшақтың бөлінуі салдарынан қазақтардың этникалық және Қазақ хандығының мемлекеттік аумағы қалыптасты. Ақ Орда алғашқы қазақ мемлекеті болды. Моңғол мемлекеттерінің ыдырау дәуіріндегі үш мемлекеттің (Ақ Орда, Әбілхайыр хандығы және Моғолстан) арасындағы оқиғалар сабақтастығы Қазақ хандығының құры-луына әкелді. Өзінің негізінде түркі-моңғол...

Қазақстан тарихы. 10-сынып10-сынып142-бетОқу →

Далаға келген Тәуекел хан қазақ сұлтандарын біріктірді және Бұхара ханымен Ташкент пен Сырдария бойындағы қалалар үшін күресті бастады. 1598–1599 жылдары Бұхара хандығында саяси дағдарыс басталған кезде, Тәуекел хан Сырдария бойындағы қалалар, Ташкент, Ферғана мен Самарқандты алды және Бұхараға қарай жылжыды. Бұл жерде ол жеңіліске ұшырады және ауыр жараланды. Қазақ және Бұхара хандықтарының...

Қазақстан тарихы. 10-сынып10-сынып138-бетОқу →

Жәнібек пен Керейдің Жетісуға көшуі. Қазақ хандығының құрылуы. 1450 жылдардың соңында Жәнібек пен Керей өздерінің қол астындағы халықпен бірге Жетісудың батысына, Моғолстан ханының иелігіне көшті. Көп ұзамай олар өздерінің саяси дербестігін бекітті. 1468 жылы Әбілхайыр ханның өлімінен кейін Жәнібек пен Керей бұрынғы Әбілхайыр хандығындағы билікті қайтарып алып, қазақ тай-паларының этникалық...

Қазақстан тарихы. 11-сынып11-сынып13-бетОқу →

Қазақ хандығының құрылуы Әбілқайыр хандығы мен Моғолстан мемлекетінің тарихында орын алған саяси шиеленіспен байланысты. Қазақ хандығының орнығуы Шығыс Дешті Қыпшақ, Жетісу және Түркістанның (Оңтүстік Қазақстан) кең-байтақ жеріндегі әлеуметтік-экономикалық, этно-саяси үрдісінің заңды қо­ рытындысы саналады.

Қазақстан тарихы. 11-сынып11-сынып20-бетОқу →

7. Ақындар мен жыраулар және олардың Қазақ хандығының қоғамдық-саяси өміріне көзқарасы. Қазақ хандығының құрылуы кезінде өмір сүрген ұлы тұлғаның бірі Асанқайгы. Оның барлық адамдар тең өмір сүретін, суы мол, жері жайлы жерұйықты іздегені туралы аңыз елге кең таралған. Жайық пен Еділ аралығындағы қыстаулар мен жайылымдарды суреттеп, осындай керемет өлкеде бақытты да бақуатты өмір сүре алады деп...

Қазақстан тарихы. 10-сынып10-сынып151-бетОқу →

Тәуке хан кезіндегі Қазақ хандығы. ХVІІ ғасырдың екінші жартысы мен ХVІІІ ғасырдың бас кезінде Қазақ хандығының билеушісі Жәңгір

Қазақстан тарихы. 10-сынып10-сынып141-бетОқу →

Хақназар хан билігі кезіндегі Қазақ хандығының қайта өрлеуі (1538–1580 жж.). 1550 жылдардың басында, Қасым ханның ұлы Хақназар ханның кезінде Қазақ хандығы қайта өрлей бастады. Ала-сапыран жылдары Хақназар билік үшін күреске қатысуға тым жас болған еді. Ол өз ұлысында, батыстағы ноғайлардың қамқорлығында болды. 1549 жылы ол түрікмендермен болған шайқаста көзге түсті. 1555 жылы моғолдардың...

Қазақстан тарихы. 9-сынып9-сынып167-бетОқу →

Елімізде 2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдығы кең көлемде аталып өтті. Сонымен қатар Парижде ЮНЕСКО деңгейінде «Қазақ хандығына – 550 жыл» тақырыбында халықаралық ғылыми-көпшілік конференция ұйымдастырылды.

Қазақстан тарихы. 10-сынып10-сынып136-бетОқу →

Назар аударыңдар! Әбілхайыр мемлекеті қазақ мемлекеттілігінің саяси тарихын-да маңызды рөл атқарды. Ақ Ордамен қатар Әбілхайыр хандығы Қазақ хандығының құрылуына қатысқан мемлекеттің бірі болып табылады.

Қазақстан тарихы. 8-сынып8-сынып5-бетОқу →

Жоғар хандығы. Қазақ хандығының тәуелсіздігіне мейлінше қауіп төндірген басты жауы – Жоңғария әскери-көшпелі мемлекеті еді. Тарихта қазақ және жоңғар халықтары арасындағы 100 жылдан астам уақытқа созылған қазақ-жо нғар соғыс орын алған.

Қазақстан тарихы. 10-сынып10-сынып24-бетОқу →

Шаш – Соғдының солтүстігі мен Шыршық және Ангрен өзендерінің алқабын, сондай-ақ Сырдарияның оң жағалауын қамтитын тарихи өңір. Бұл аймақ – қазіргі Ташкент пен Шымкент қалалары орналасқан жер. Б.з.б. I мыңжылдықтың ортасында өңірде 30-ға жуық шаһар болған. Шаш қаласының (Чачтепа, Чачкент) іргесі б.з.б. III ғасырдан бұрын қаланған, ал I мыңжылдықта далалық түркілер мен соғдылықтар, кейіннен...

Қазақстан тарихы. 11-сынып11-сынып16-бетОқу →

Халық жадында өшпестей із қалдырған қазақ хандарының бірі Есім хан. Ол мемлекеттің аумағын одан әрі кеңейтіп, Орта Азия елдерінің біраз жерін Қазақ хандығына қаратты. Есім қалыптасқан күрделі саяси жағдайлардан дұрыс жол таба білген ақылды және кемеңгер басшы ретінде танылды. Ішкі саяси тұтастықты қалыптастырып, Қазақ хандығын бір орталыққа бағынған мемлекет етуді көздеген Есім хан өзіне дейін...

Қазақстан тарихы. 10-сынып10-сынып142-бетОқу →

Сол тұста Қазақ хандығының солтүстік пен солтүстік-батыстағы жағдайлары күрт әлсіреді. ХVІ ғасырдың соңында Сарысудан солтүс-тікке және Аралдан солтүстік-шығысқа қарай қазақ далаларын ноғайлар басып алды. Бұған қоса, орыстар келгеннен кейін қазақтарды Далаға ағылған башқұрттар мен Сібір татарлары ығыстырды. Бұхара ханы ІІ Абдаллах Сібір ханы Көшіммен одақтас еді. Бұл екі хан бірігіп, Қазақ...

Қазақ әдебиеті. 7-сынып7-сынып51-бетОқу →

Өз мемлекетін құрған қазақ елі үшін XV–XVI ғасырлардағы ең басты мәселе жаңа құрылған мемлекетті күшейту мен қорғау болды. Қазақ хандығы дәуірін-дегі әдебиет сахнасына ақын-жыраулар шықты. Жыраулар мен шешендер өзде-рінің құдіретті сөзімен де, үлгілі ісімен де Қазақ хандығының қалыптасуына, дамуына, нығаюына үлкен үлес қосты.

Қазақстан тарихы. 10-сынып10-сынып150-бетОқу →

ХVІ ғасырдың екінші жартысында шығыстан ойраттардың (жоңғар, қалмақтардың) шапқын-шылығы жиіледі. Ойраттар өздерінің жайылымдық аумақтарын кеңейтті және Сырдария бойындағы қалаларды басып алуға ұмтылды. Нәтижесінде ХVІІ ғасырдың бас кезінде Қазақ хандығы Сыр-дария жағалауындағы далалармен және Жетісу тауларымен шектеліп, сыртқы жаулардың құр-сауында қалды. Ғасырдың соңына қарай батыс-та...