ББЖМ 4 сынып: Оқу сауаттылығы — жауабы бар тапсырмалар
Мониторинг форматы: бір сұрақ, төрт нұсқа, біреуі дұрыс. Жауап пен талдау бірден ашық.
Төменде 4 сыныпқа арналған «Оқу сауаттылығы» пәні бойынша 12 ББЖМ тапсырмасы. Тапсырмалар EduTest банкінен алынған — байқау нұсқаларына түсетін дәл сол сұрақтар. Әрқайсысында дұрыс жауап пен шешімнің талдауы ашық.
- МӘТІН
Патша нөкерлерiмен бiрге серуенге шыққанда жер өңдеп жүрген егіншіні кездестіреді. Тырбанып еңбектеніп жатқан қарапайым адам патшаның көңілінен шығып, онымен сөйлесуге ықыласы ayaды. Бiрнеше сауалдан кейiн патша егiстiктiң бұл адамдікі емес екенін, күніне 15 лира үшiн жалданып еңбек ететінін ұғады. Патша жалақысының аздығына қайран қалады. Себебi патша сарайының бiр күндік шығыны жүздеген алтынға шығатын еді. Шаруа патшаға қарап:
– Бұл ақша қанағатшыл адамға тiптi көп те болады. Мен ақшамды үшке бөлемін. Бір бөлігімен өмір сүремін. Бір бөлігімен қарызымды өтеймiн. Бiр бөлiгiн қорға жинаймын, – дейді.
Патша бұл жұмбаққа ұқсаған сөздерден еш нәрсе түсінбейді. Ақкөңiл диқан күлiмсіреп:
– Ақшаның бір бөлігімен қарызымды қайтарамын дегенiм бала кезiмде үлкен қамқорлық көрсеткен әкем мен шешем ғой. Ақшамнын бiр бөлiгiн соларға беремін. Ақшамды қор ретінде жинаймын дегенім бұл ақшамның бiр бөлiгiн балаларымның біліміне төлеймін. Менін қол-аяғым жұмыстан калған жағдайда, олар маған көмектеседі деп үміттенемін. Калған ақшамды өзiмнiң мұқтаждықтарыма жұмсаймын, – дейдi.
Патша қарапайым адамның бұл әрекетіне риза болады. Намысшыл шаруаның балаларының бiлiмiне төлейтін ақшаны өз мойнына алады.
1.Мәтін бойынша шаруаға тән қасиетті көрсетіңіз.
- A)
Сараң
- B)
Әзілқой
- C)
Намысшыл
- D)
Аңқау
Жауабы: CНеліктен солайМәтіннің соңғы сөйлемінде шаруа тура «намысшыл» деп аталады: ол патшадан көмек сұрамайды, өз еңбегімен күн көреді. Сараңдық пен аңқаулық мәтінде жоқ, керісінше ол ақшасын ата-анасы мен балаларына бөліп береді.
- A)
- 2.
Шаруа егістікте істеген еңбегі үшін қанша теңге алады?
- A)
15 лари
- B)
15 лира
- C)
15 доллар
- D)
15 динар
Жауабы: BНеліктен солайМәтінде: күніне 15 лира үшін жалданып еңбек етеді. Валютаның атауы дәл сол күйінде берілген — лира, лари емес.
- A)
- 3.
Мәтінге сай келмейтін ақпаратты көрсетіңіз.
- A)
Шаруа ақшасын үш бөлікке бөлетінін айтты.
- B)
Патша нөкерлерімен бірге серуенге шығады.
- C)
Шаруа ай сайын 15 лира алып отырады.
- D)
Патша шаруаның әрекетіне риза болады.
Жауабы: CНеліктен солайМәтінде 15 лира — күнделікті жалақы, ай сайынғы емес. Қалған тұжырымдар мәтінге сай: ақшаны үшке бөледі, патша нөкерлерімен серуенге шығады, патша шаруаның әрекетіне риза болады.
- A)
- 4.
Шаруа қарызды кімдерге қайтарады?
- A)
Ата-әжесі
- B)
Әке-шешесі
- C)
Балалары
- D)
Ағайындары
Жауабы: BНеліктен солайШаруаның өз түсіндірмесі бойынша «қарызым» дегені — бала кезінде қамқорлық көрсеткен әке-шешесі. Ақшаның сол бөлігін ол ата-анасына береді.
- A)
- 5.
Шаруа қор ретінде жинаған ақшасын қайда қолданады?
- A)
Балаларының біліміне
- B)
Жазғы демалысына
- C)
Ұлдарының тамағына
- D)
Болашақ кәсібіне
Жауабы: AНеліктен солайШаруа қор ретінде жинаған ақшасын балаларының біліміне жұмсайды. Себебі: қартайғанда олардан көмек күтеді.
- A)
- 6.
Кейіпкер түскен ақшасын қанша бөлікке бөледі?
- A)
2
- B)
3
- C)
4
- D)
5
Жауабы: BНеліктен солайШаруа ақшасын үш бөлікке бөледі: өмір сүруге, қарызын өтеуге және қорға жинауға.
- A)
- МӘТІН
Қыс еді. Митя шанасын алып, мұз қатқан төбешіктен сырғанауға кiрiстi. Бiраздан соң бетi шырайланып, ойын қызығына түсті. Кеш бата үйіне келгенде әкесіне шаттана: «Қыс қандай керемет! Менің қалауым болса, қыс жалғаса берсiн дер едiм!» – деп көңiлiн бiлдiредi. Әкесі Митя айтқан сөздердi кiтапшасына жазып алады.
Көктем де келді. Митя күннің жылынғанына қуанып, көбелектерді қуып, гүл теріп, қуанышы қойнына сыймай үйге тартады. Әкесiне көңiлiн жасырмай: «Неткен тамаша мезгiл! Мен үнемi көктем мерзiмi болуын қалаймын» – дейді. Әкесі Митяның бұл тiлегiн де қағаз бетіне түсiредi.
Жаз да шығады. Митя әкесiмен бiрге шөп шабуға барады. Күн ұзаққа ол хош иiстi шөптің арасында аунап-қунап, саңырауқұлақ пен жидек теріп әбден шаршайды. Сонда да көңiлiн бiлдiре отыра әкесіне: «Жаз да бiтпесе ғой», – деп тiлегiн айтады. Баланың бұл сөзін де әкесі жазып алады.
Күз де түседі. Бақшада алқызыл алмалар, сап-сары алмұрттар, хош иiстi жемiстердiң түр-түрi пiсе бастайды. Митя үйге жүгiрiп келiп әкесіне: «Күз – жыл мезгiлдерiнiң iшiндегi ең жақсы кезең», – деп тамсанады.
Әкесi күлiмсiреп қарап Митяға бұған дейін ол қыс, көктем және жаз туралы айтқан ойлары бар жазбаларды көрсетеді. Бәрiнде де бiр тiлек, бір ой бар еді ...
7.Митяның айтқан тілегін жазып алып отырған кім еді?
- A)
Анасы
- B)
Әкесі
- C)
Ағасы
- D)
Атасы
Жауабы: BНеліктен солайМәтінде әрбір мезгілден кейін Митяның тілегін жазып отырған — әкесі. Соңында дәл сол жазбаларды әкесі баласына көрсетеді.
- A)
- 8.
Мәтін бойынша қай сөйлем(дер) қате?
1. Күзде жемістер піседі.
2. Қызы тілегін әкесіне білдіріп отырды.
3. Митя жазда шөп шабуға барады.
4. Анасы күз мезгілін ұнатпайтынын айтты.
- A)
2, 3
- B)
1
- C)
4, 2
- D)
3
Жауабы: CНеліктен солай2-сөйлем қате: мәтінде тілегін айтып отырған Митя — ұл бала, қыз емес. 4-сөйлем де қате: мәтінде анасы мүлде айтылмайды. 1 және 3 дұрыс: күзде жемістер піседі, Митя жазда әкесімен шөп шабуға барады.
- A)
- 9.
Митяның жазда айналысқан әрекетін көрсетіңіз.
- A)
Төбешіктен сырғанады.
- B)
Піскен жемістерді жинады.
- C)
Күн жылынып, көбелек қуды.
- D)
Саңырауқұлақ пен жидек терді.
Жауабы: DНеліктен солайЖаз туралы азатжолда: Митя хош иісті шөптің арасында аунап, саңырауқұлақ пен жидек терді. Сырғанау — қыста, көбелек қуу — көктемде, піскен жеміс — күзде болған.
- A)
- 10.
Бос орынды толықтырыңыз.
«Митя ...»
- A)
төрт мезгілді де жақсы көреді.
- B)
жаз бойы кітап оқиды.
- C)
сырғанақ тебуді армандайды.
- D)
жылы мезгілдерді ұнатпайды.
Жауабы: AНеліктен солайМитя әр мезгілде «осы мезгіл жалғаса берсін» деп тілек айтады — қыста да, көктемде де, жазда да, күзде де. Сондықтан әкесі жазбаларды көрсеткенде бәрінде бір ой тұрады: Митя төрт мезгілдің бәрін жақсы көреді.
- A)
- 11.
Әкесі мен баласының шөп шабуға барғаны туралы қай азатжолда айтылған?
- A)
1
- B)
2
- C)
3
- D)
4
Жауабы: CНеліктен солайМәтін мезгілдер ретімен жазылған: 1 — қыс, 2 — көктем, 3 — жаз, 4 — күз. Шөп шабу жазда болғандықтан, ол 3-азатжолда.
- A)
- 12.
Мәтінде қай жыл мезгілі суреттелген?
- A)
Тек күз
- B)
Тек қыс
- C)
Көктем, жаз
- D)
Барлық мезгіл
Жауабы: DНеліктен солайМәтінде қыс, көктем, жаз және күз — төрт мезгілдің бәрі де сипатталған. Әр мезгілге бір азатжол берілген.
- A)
Тіркеліп, тегін тест жаз
Алғашқы байқау тест — 0 ₸, картасыз. Тесттен кейін бірден: балл, әр қатенің талдауы және әлсіз тақырыптар жоспары.
Аккаунтыңыз бар ма? Кіру
Сұрақтарыңыз бар ма?
WhatsApp-қа жазыңыз: +7 702 308 1616 — немесе өтінім қалдырыңыз, жұмыс уақытында 15 минут ішінде қоңырау шаламыз.