EduTest
РУСКіруТіркелу

EduTest аккаунтын жою

Бұл бетте EduTest қосымшасындағы және edutest.kz сайтындағы аккаунт пен жеке деректерді жою жолы жазылған. Әзірлеуші - EduCon TOO.

Аккаунтты өзіңіз жою

Осылай оқушы өз аккаунтын жоя алады. Мұғалімдер мен мектеп қызметкерлері поштаға жазсын.

  1. 1edutest.kz сайтындағы жеке кабинетке логин мен құпия сөзіңізбен кіріңіз.
  2. 2Профиль мәзірін ашып, «Параметрлер», содан кейін «Жеке ақпарат» бөлімін таңдаңыз.
  3. 3Беттің төменгі жағындағы «Аккаунтты жою» батырмасын басыңыз.
  4. 4ЖОЮ сөзін жазып, екі белгіні қойып, жоюды растаңыз.
Параметрлерді ашу

Кіре алмасаңыз

info@edutest.kz поштасына «Аккаунтты жою» тақырыбымен жазыңыз. Аккаунттың логинін, телефонын не поштасын, аты-жөніңізді көрсетіңіз.

Аккаунтқа байланған поштадан не телефоннан жазыңыз. Аккаунтты мектеп ашқан болса, өтінімді мектеп арқылы растауға болады.

3 жұмыс күні ішінде жауап береміз.

info@edutest.kz

Не жойылады

  • Аты-жөні, поштасы, телефоны, логині мен құпия сөзі.
  • Сіз кірген серіктес аккаунттарымен байланыс.
  • Аккаунтқа енді кіру мүмкін емес, оны қалпына келтіруге болмайды. Қайта тіркелуге болады.

Не сақталады және неге

  • Емтихан нәтижелері - атыңыз бен байланыстарыңызсыз, тек жалпы статистика үшін. Оларды сізбен байланыстыру мүмкін емес.
  • Төлем туралы мәліметтер (шоттар) - 5 жыл, мұны Қазақстан Республикасының салық заңнамасы талап етеді.