EduTest
ҚАЗРУС
Кіру

Дүниежүзі тарихынан 100 дата: ҰБТ

Ұлттық тестілеу орталығының ҰБТ-ға дайындық материалдарындағы дүниежүзі тарихы бойынша маңызды оқиғалардың хронологиялық кестесі. Кезеңдерге бөлінген, іздеу және жаттауға тест бар.

Өзіңді тексер

Кесте бойынша кездейсоқ 10 сұрақ: дата бойынша оқиғаны және керісінше табу.

Ежелгі дүние (б.з. V ғасырына дейін)

№ДатаОқиға
1Б.з.б. IV-мың ж. – б.з. V ғ.Ежелгі Шығыс өркениеті тарихы кезеңі.
2Б.з.б. 1792–1750 жж.Хаммурапидің Вавилон мемлекетін басқаруы. «Хаммурапи заңдары».
3Б.з.б. 1280 ж.Египет пен Хетт мемлекеттері арасындағы әлемдегі тұңғыш бітім шарт.
4Б.з.б. 509 – б.з.б. 27 жж.Ежелгі Рим тарихындағы республика кезеңі.
5Б.з.б. 336–323 жж.Александр Македонскийдің билік етуі.
6Б.з.б. 221 ж.Қытай аумағындағы алғашқы орталықтанған мемлекет -Цинь империясы.
7Б.з. 395 ж.Ежелгі Рим империясының Батыс және Шығыс болып бөлінуі.
8Б.з. 476 ж.Батыс Рим империясының құлауы.
9451 ж.Каталаун шайқасы.

Орта ғасырлар (VI–XV ғғ.)

№ДатаОқиға
10527–565 жж.Император I Юстинианның билік етуі.
11570–632 жж.Ислам дінінің негізін қалаушы Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың өмір сүрген жылдары.
12882 ж.Киев Русі мемлекетінің құрылуы.
13XI ғ.Салжұқтардің Кіші Азияны жаулап алуы.
141236–1242 жж.Бату ханның Шығыс Еуропаға жорығы.
151265 ж.Ағылшын парламентінің құрылуы.
161302 ж.Францияда Бас штаттардың шақырылуы.
171337–1453 жж.Англия мен Францияның арасындағы Жүз жылдық соғыс.
181368–1644 жж.Қытайда Мин әулетінің билік етуі.
191382 ж.Тоқтамыс ханның Мәскеу қаласын басып алуы.
201445 ж.Еуропада (Германия) алғашқы кітаптың басылып шығуы.
211453 ж.Түріктердің Константинопольді басып алуы.
221485–1603 жж.Англияда Тюдорлар әулетінің басқаруы.
231492 ж.Христофор Колумбтың Американы ашуы.

Жаңа заманның басы (XVI–XVIII ғғ.)

№ДатаОқиға
241517 ж.Лютердің 95 тезисін жариялап, индульгенцияға қарсы шығуы.
251519–1522 жж.Фернан Магеллан тұңғыш дүниежүзін айналып шығу саяхаты.
261555 ж.Реформация нәтижесінде Германияда княздер мен императордың арасында Аугсбург бітімінің жасалуы.
27XVI ғ. аяғыФранцияда Бурбондар әулетінің билікке келуі.
281600 ж.Ағылшындық Ост-Үнді компаниясының құрылуы.
291603–1869 жж.Жапонияда Токугава әулеті сегундарының билік етуі.
301607 ж.Солтүстік Америкадағы ағылшындардың алғашқы тұрақты қонысы Джеймстаунның (Виргиния) негізі қаланды.
311640 ж.Ағылшын буржуазиялық революциясының басталуы.
321649 ж.Англияда республика жариялануы.
331682–1725 жж.I Петрдің патшалық етуі.
341700–1721 жж.Солтүстік соғыс.
351756–1763 жж.Жетіжылдық соғыс (Англия мен Франция).
361757 ж.Император Цяньлун еуропалықтардың Қытайға келуіне тыйым салуы.
371776 ж., 4 шілдеАҚШ-тың құрылуын жариялаған Тәуелсіздік Декларациясының қабылдануы.
381787 ж.АҚШ Конституциясының қабылдануы.
391789 ж., 14 шілдеБастилиянының алынуы. Француз революциясының басталуы.
401789 ж.Францияда Адам және азамат құқықтары декларациясын қабылдауы.

XIX ғасыр

№ДатаОқиға
411804 ж.Францияда Наполеон Бонапарттың «императоры» атағын қабылдауы. Бірінші империяның құрылуы.
421812 ж.Ресейдің Наполеон әскерлеріне қарсы Отан соғысы.
431813 ж.Лейпциг түбіндегі «Халықтар шайқасы».
441814–1815 жж.Вена конгресі.
451823 ж.АҚШ-та «Монро доктринасының» жариялануы.
461839–1876 жж.Осман империясындағы Танзимат реформасы.
471850–1864 жж.Қытайдағы тайпиндер көтерілісі.
481853–1856 жж.Қырым соғысы.
491854 ж.Бірінші жапон-американ келісімшартына қол қойылуы.
501861 ж.Итальян корольдығының құрылуы.
511861 ж.Ресейде басыбайлылық құқықты жою туралы манифест.
521861–1865 жж.АҚШ-тағы азамат соғысы.
531870–1871 жж.Франция-Пруссия соғысы.
541871 ж.Версальда Герман империясы құрылуының жариялануы.
551871 ж.Герман империясының Конституциясының қабылдануы.
561871–1890 жж.Германияда О.Бисмарктің канцлерлік етуі.
571878 ж.Берлин конгресі.
581882 ж.Германия, Австрия -Венгрия және Италия араларындағы Үштік Одақтың құрылуы.
591889 ж.Жапония Конституциясының қабылдануы.

XX ғасырдың басы және дүниежүзілік соғыстар (1904–1945)

№ДатаОқиға
601904–1905 жж.Орыс-жапон соғысы.
611905–1907 жж.Алғашқы орыс буржуазиялық-демократиялық революциясы.
621907 ж.Антанта соғыс одағының құрылуы.
631914–1918 жж.Бірінші дүниежүзілік соғыс.
641917 ж.Ресейдегі Ақпан революциясы және Қазан революциясы.
651919 ж.Париждегі бейбітшілік конференциясы.
661921–1922 жж.Вашингтон конференциясы.
671922 ж.КСРО-ның құрылуы.
681923 ж.Түркия Республикасының құрылуы.
691929–1933 жж.Әлемдік экономикалық дағдарыс.
701933 ж.Германияда фашистік диктатураның орнауы.
711937 ж.Жапонияның Қытаймен соғысының басталуы.
721938 ж.Мюнхен келісімі.
731939 ж.Өзара шабуылдаспау туралы КСРО-Герман пактісі.
741939–1945 жж.Екінші дүниежүзілік соғыс.
751941 ж.Германияның КСРО-ға шабуылы.
761942–1943 жж.Сталинград шайқасы.
771943 ж.Курск шайқасы.
781943 ж.Тегеран конференциясы.
791945 ж.БҰҰ Жарғысының қабылдануы.
801945 ж.АҚШ-тың Хиросима мен Нагасакиге атом бомбасын тастауы.

XX ғасырдың екінші жартысы — XXI ғасырдың басы

№ДатаОқиға
811947 ж.Трумэн Доктринасы, Маршалл жоспары.
821949 ж.НАТО-ның құрылуы.
831950–1953 жж.Кореядағы соғыс.
841955 ж.Варшава келісімшарты ұйымының құрылуы.
851956 ж.Суэц дағдарысы. Египетке қарсы үшжақты басқыншылық.
861958 ж.Францияда бесінші Республиканың құрылуы.
871960 ж.«Африка жылы».
881961 ж.Адамзаттың ғарышқа тұңғыш ұшуы, ғарышкер Юрий Гагарин.
891962 ж.Кариб дағдарысы.
901963 ж.Ядролық сынақтарды үш ортада тоқтату туралы Мәскеу келісімі.
911968 ж.Варшава Шартына қатысушы елдердің Чехославакияға әскерлерін енгізуі. «Прага көктемі».
921971 ж.Пәкістан-Үнді соғысы.
931975 ж.Хельсинкидегі қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі Еуропа Кеңесінің Актісі.
941979 ж.Иранда шахқа қарсы революция.
951979 ж.Англиядағы М.Тэтчер реформаларының басталуы.
961980–1988 жж.Ирак-Иран соғысы.
971991 ж.КСРО-ның ыдырауы. ТМД-ны құру туралы декларацияға қол қойылуы.
981992 ж.Еуропалық Одақтың (ЕО) құрылуы туралы Маастрихт келісімінің жасалуы.
992001 ж.Шанхай ынтымақтастық ұйымын құру туралы мәлімдеме.
1002010–2011 жж.«Араб көктемі». Египет, Тунис, Ливиядағы революциялар.

Дереккөз: ҰТО, «Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша маңызды оқиғалардың хронологиялық кестесі. Тек қате жазылғандар түзетілді, тұжырымдар — ҰТО-дағыдай.

Мұны өз балыңда тексергің келе ме? Байқау тест тегін және тіркелусіз.

Байқау тестті өту