EduTest
ҚАЗРУС
Кіру
ТАЛДАУЫ БАР ТАПСЫРМАЛАР

ББЖМ 9 сынып: Оқу сауаттылығы — жауабы бар тапсырмалар

Мониторинг форматы: бір сұрақ, төрт нұсқа, біреуі дұрыс. Жауап пен талдау бірден ашық.

Төменде 9 сыныпқа арналған «Оқу сауаттылығы» пәні бойынша 12 ББЖМ тапсырмасы. Тапсырмалар EduTest банкінен алынған — байқау нұсқаларына түсетін дәл сол сұрақтар. Әрқайсысында дұрыс жауап пен шешімнің талдауы ашық.

12 тапсырматегін, тіркелусіз
  1. МӘТІН

    Жер бетінде 6 мыңнан астам тіл өмір сүреді. Олардың әрбірі екі апта сайын өліп отырады. Яғни өлі тілдер қатарына еніп, жер бетінен жойылып кетеді. Қазір әлемде негізгі басымдылыққа ие 8 тіл бар: ағылшын, қытай, орыс, араб, испан, португал, неміс және француз тілі.

    Жыл сайын адамдардың бірнеше тілді меңгеруге деген құлшынысы артып келеді. Адамдар «әлемдегі ең оңай және ең қиын» тілдерді білгісі келеді. Осы орайда лингвистер қауымы: «бәрі де өз ана тіліңізге байланысты (мәселен, украиндық пен чех азаматы үшін орыс тілін үйрену тым оңай, ал жапондық және түріктік азаматқа қиынның-қиыны)», – деп жауап қатса, нейрофизиологтар қауымы: «ең қиын тіл – мидың қабылдауына ауырлық тудыратын араб, қытай сынды тілдер» деген пікірді айтады. Сонымен жер бетіндегі үйренуге ең қиын деп саналатын 5 тіл қандай?

    Қытай тілі

    Қытай тілі – жер бетіндегі ең ежелгі тілдердің бірі болып саналады. Оның нақты алфавиттік қатары жоқ. Себебі иероглифтермен таңбаланатын қытай әріптерінің әрбір таңбасы бір сөз болып оқылады. Тек бұл ғана емес, бір Қытайдың өзінде бір тілді бірнеше жікке бөліп сөйлейтін халықтар бар. ....... болар әлемдегі ең қиын тіл ретінде алғашқы орынды бастап тұрған осы тіл.

    Араб тілі

    Араб тілі де – ең көне тілдердің бірі. Оның қиындығы оқылуы мен жазылуында. Себебі араб тілін жазудың 4 түрлі әдісі бар. Әріптерді айту өте қиын. Ал сөздер мен сөйлемдерді айтқан кезде тілдің күрмеліп қалатыны да анық.

    Венгер тілі

    Әлемдегі ең қиын тілдердің бірі – венгер тілі. Оның қиындығы грамматикасында: 35 сөз табы бар. Венгер тілінің тағы бір қиындығы оның айту кезінде тамаққа күш салатын жерлері бар.

    Жапон тілі

    Жапон тілінің қиындығы тілді пайдаланудың үш түрлі жүйесі бар. Жапон тілін үйрену үшін студенттер 10-15 мың иероглифті жаттау керек.

    Эстон тілі

    Эстон тілінде 12 сөз табы бар. Ең қиыны эстон тілінің грамматикасында сөз таптары ең маңызды рөл ойнайды. Тіпті кейбір сөздерді дұрыс айтпау мүлде басқа мағынаны беруі мүмкін.

    1.

    Жер бетінде қанша тіл өмір сүреді?

    • A)

      3000-ға жуық

    • B)

      4000-дай

    • C)

      6000-нан астам

    • D)

      50000 шақты

    Жауабы: C
    Неліктен солай

    Мәтіннің бірінші сөйлемі: жер бетінде 6 мыңнан астам тіл өмір сүреді.

  2. 2.

    Лингвистердің пікірін негізге алатын болсақ, қазақтарға қай тілдерді үйрену оңай болады?

    • A)

      Жапон, кәріс

    • B)

      Қырғыз, татар

    • C)

      Қытай, ағылшын

    • D)

      Орыс, испан

    Жауабы: B
    Неліктен солай

    Лингвистердің пікірі: тілді үйрену қиындығы ана тіліңе байланысты — украиндық пен чехқа орыс тілі оңай, себебі тілдер туыс. Қазақ тіліне туыс түркі тілдері — қырғыз бен татар, сондықтан оларды үйрену оңай болады.

  3. 3.

    Мәтін бойынша жапондықтарға қай тілді меңгеру қиынға соғады?

    • A)

      ағылшын

    • B)

      корей

    • C)

      қытай

    • D)

      орыс

    Жауабы: D
    Неліктен солай

    Мәтінде: «жапондық және түріктік азаматқа қиынның-қиыны» деп тұрған тіл — орыс тілі. Бұл лингвистердің туыстық тұрғысынан берген мысалы.

  4. 4.

    Нейрофизиологтар неліктен араб, қытай тілдерін қиын деп есептейді?

    • A)

      Алфавиттік жүйесі нақтыланбаған.

    • B)

      Көп тілдермен туыстық қатынасы жоқ.

    • C)

      Қолжетімді материалдар жоқтың қасы.

    • D)

      Мидың қабылдауына қиын соғады.

    Жауабы: D
    Неліктен солай

    Нейрофизиологтардың дәлелі мәтінде тура берілген: араб, қытай сияқты тілдер мидың қабылдауына ауырлық тудырады. Алфавиттің жоқтығы — қытай тілінің жеке ерекшелігі, нейрофизиологтардың уәжі емес.

  5. 5.

    Қытай тіліне қатысты дұрыс ақпаратты көрсетіңіз.

    • A)

      Әрбір таңбасы бір сөз болып оқылады.

    • B)

      Әріптерді дұрыстап, анық айту өте қиын.

    • C)

      Бір таңба әртүрлі болып оқыла береді.

    • D)

      Сөз таптары маңызды рөл атқарады.

    Жауабы: A
    Неліктен солай

    Қытай тілі туралы бөлімде: иероглифтермен таңбаланатын әрбір таңба бір сөз болып оқылады. Әріптерді айту қиындығы — араб тіліне, сөз таптары — венгер мен эстон тіліне қатысты.

  6. 6.

    Сөйлемді толықтырыңыз.

    Егер эстон тілін үйренгіңіз келсе, ...........

    • A)

      грамматикасына қатты көңіл бөлмесеңіз болады.

    • B)

      ең алдымен иероглифтерді жаттауыңыз қажет.

    • C)

      миыңның қабылдауына қиын болатынын ескеріңіз.

    • D)

      сөздерді дұрыстап айтуға мән бергеніңіз жөн.

    Жауабы: D
    Неліктен солай

    Эстон тілі туралы бөлімнің соңы: кейбір сөздерді дұрыс айтпау мүлде басқа мағына беруі мүмкін. Демек айтылымға мән беру керек. Грамматиканы елемеуге болмайды — керісінше, онда сөз таптары маңызды рөл ойнайды.

  7. МӘТІН

    Темір шахматы – Әмір Темір билеген заманда Тұран мемлекетінде және оған қараған аймақтар мен Ислам ықпалындағы елдерде кең тараған ойын түрі. Ол шатранждың күрделі нұсқасы болғандықтан, заманында ел аузында «Шатранж-и камил» (кемел шахмат) немесе «Шатранж әл-Кабир» («үлкен шахмат» немесе «ұлы шахмат») деп те аталған.

    Аңыз-әфсаналарға, сондай-ақ көптеген дереккөздерге сәйкес осынау ойын модификациясының авторы және бұқаралық деңгейде насихатшысы ұлы жаһангердің өзі болған. Айталық, бұл туралы дәрігер-ғалым әл-Әмулидің 1350 жылы жазылған «Білім қазынасы» атты кітабында бір шоғыр мәлімет келтірілген.

    Шахматтың бұл түрінің ерекшелігі – әрқайсысы өздігінен қозғала алатын бірнеше сарбаз (пешка) тас бар.

    Темір шахматының тақтасы бір түсті жүз он өрістен тұрады: онда он жол және он бір баған бар. Сонымен қатар, екі қосымша өріс бар – біреуі екінші жолдың оң жағында, ал біреуі тоғызыншы жолдың сол жағында. Бұл қосымша өрістер «қамалдар» (цитадельдер) деп аталады. Қарсыластың патшасы ойыншының цитаделін алған кезде, ойын «тең» деп жарияланады. Патшадан басқа ешқандай тас цитадельді ала алмайды.

    Ойынға төмендегідей тастар қатысады.

    Патша. Дәстүрлі шахматтағыдай патша ретінде жүреді.

    Сардар (генерал). Қиғаш бағытта бір торға жүреді.

    Уәзір. Бір торға тігінен немесе көлденеңінен жүреді.

    Жираф. Қиғаш бағытта бір торға, содан кейін көлденеңінен немесе тігінен кемінде үш торға жүреді (оған тастардан секіріп өтуге тыйым салынады).

    Түйе. Қиғаш бағытта бір торға және жанына қарай екі торға жүреді (оған тастардан секіріп өтуге рұқсат етіледі).

    Пикет (жасақ). Дәстүрлі шахмат түріндегі уәзір секілді, бірақ кем дегенде екі торға ғана жүреді.

     Ат. Дәстүрлі шахмат түріндегі ат сияқты жүреді.

    Ладья (кеме). Дәстүрлі шахмат түріндегідей жүреді.

    Піл. Қиғаш бағытта екі өріске жүреді (оған тастардан секіріп өтуге рұқсат етіледі).

    Әскери машина. Көлденең немесе тігінен екі торға жүреді (оған тастардан секіріп өтуге рұқсат етіледі).

    Сарбаз. Дәстүрлі шахмат түріндегі сарбаз тәрізді жүреді, бірақ өріс бойында бастапқы екі қадамсыз.

    Әр тастың өз сарбазы бар: патшаның сарбазы, уәзірдің сарбазы және тағы басқа. 

    7.

    «Шатранж-и камил» сөзі қандай мағына білдіреді?

    • A)

      Кемел шахмат

    • B)

      Мінсіз шахмат

    • C)

      Танымал шахмат

    • D)

      Ұлы шахмат

    Жауабы: A
    Неліктен солай

    Мәтінде жақшаның ішінде аудармасы берілген: «Шатранж-и камил» — кемел шахмат. «Ұлы шахмат» — бұл басқа атаудың, «Шатранж әл-Кабирдің» аудармасы.

  8. 8.

    Темір шахматы қай мемлекетте кең тараған?

    • A)

      Алтын орда

    • B)

      Моғолстан 

    • C)

      Ноғай 

    • D)

      Тұран 

    Жауабы: D
    Неліктен солай

    Бірінші сөйлем: ойын Әмір Темір билеген заманда Тұран мемлекетінде кең тараған.

  9. 9.

    «Білім қазынасы» кітабында қандай ақпарат берілген?

    • A)

      Ел аузында қалай аталып, қандай мағынаны бергендігі.

    • B)

      Мәтінде сипатталған шахматтың авторы Әмір Темір екендігі.

    • C)

      Темір шахмат тастарының кәдімгі шахматтан өзгешелігі.

    • D)

      Шахмат жасауда әл-Әмулидің еңбегінің зор болғаны.

    Жауабы: B
    Неліктен солай

    Мәтінде: ойын модификациясының авторы жаһангердің өзі болған, бұл туралы әл-Әмулидің кітабында мәлімет келтірілген. Яғни кітап авторлықты растайды.

  10. 10.

    Әл-Әмули қай саланың маманы?

    • A)

      астрономия

    • B)

      әдебиет

    • C)

      медицина

    • D)

      метаматика

    Жауабы: C
    Неліктен солай

    Мәтінде ол «дәрігер-ғалым әл-Әмули» деп аталған, демек медицина саласының маманы.

  11. 11.

    Темір шахматының басқа шахматтардан айырмашылықтарын көрсетіңіз.

    1)      Тақтасы бір түстен тұрады;

    2)      Патшаның күші басымырақ;

    3)      Қосымша өрістері бар;

    4)      Өздігінен қозғалатын сарбаз тас бар;

    5)      Үш адам қатар ойнай алады.

    • A)

      1, 2

    • B)

      1, 2, 4

    • C)

      1, 3, 4

    • D)

      2, 3, 5

    Жауабы: C
    Неліктен солай

    Мәтін бойынша үш ерекшелік айтылған: тақта бір түсті, «қамал» деп аталатын қосымша екі өріс бар, әрі өздігінен қозғала алатын сарбаз тастар бар. Патшаның күші туралы және үш адамның қатар ойнауы туралы мәтінде ештеңе жоқ.

  12. 12.

    Темір шахматының тақтасында неше қамал болады?

    • A)

      2

    • B)

      10

    • C)

      11

    • D)

      110

    Жауабы: A
    Неліктен солай

    Мәтінде қосымша екі өріс сипатталған: біреуі екінші жолдың оң жағында, біреуі тоғызыншы жолдың сол жағында. Солар «қамал» деп аталады. 110 — өрістің жалпы саны, қамалдардікі емес.

Тіркеліп, тегін тест жаз

Алғашқы байқау тест — 0 ₸, картасыз. Тесттен кейін бірден: балл, әр қатенің талдауы және әлсіз тақырыптар жоспары.

Аккаунтыңыз бар ма? Кіру

Сұрақтарыңыз бар ма?

WhatsApp-қа жазыңыз: +7 702 308 1616 — немесе өтінім қалдырыңыз, жұмыс уақытында 15 минут ішінде қоңырау шаламыз.

Сәйкестік сертификаты · деректер Қазақстанда сақталады

Басу арқылы деректерді өңдеу саясатымен келісесіз