Қазақстан тарихынан 100 дата: ҰБТ 2027
Ұлттық тестілеу орталығы ҰБТ 2027-ге дайындық үшін жариялаған маңызды оқиғалардың хронологиялық кестесі. Біз оны кезеңдерге бөліп, іздеу мен жаттауға арналған тест қостық.
edutest.kz/kz/guides/materialy/100-dat-istoriya-kazahstana сайтындағы кесте · edutest.kz сайтында тегін байқау ҰБТ
Өзіңді тексер
Кесте бойынша кездейсоқ 10 сұрақ: дата бойынша оқиғаны және керісінше табу.
Ежелгі Қазақстан: энеолиттен сақтар мен ғұндарға дейін
| № | Дата | Оқиға |
|---|---|---|
| 1 | Б.з.б. III–II мыңжылдықтың аралығы | Энеолит (мыс-тас дәуірі). |
| 2 | Б.з.б. II мыңжылдықтың басы | Қола (мыс пен қалайының қосындысы) қорытуды меңгеру. |
| 3 | Б.з.б. I мыңжылдықтың басы | Темірді игеру басталды. |
| 4 | Б.з.б. I мыңжылдық | Сақ тайпалық одақтарының өмір сүрген мерзімі. |
| 5 | Б.з.б. I мыңжылдық | Көшпелі мал шаруашылығының қалыптасуы. |
| 6 | Б.з.б. VIII ғ. | Қазақстан аумағындағы ең ежелгі сақ қорғандары. |
| 7 | Б.з.б. III ғ. соңы | Көшпелі ғұн (хунну) тайпаларының билігіне Мөденің келуі. |
| 8 | Б.з.б. 530 ж. | Сақ-массагеттердің парсы патшасы Кирді талқандауы. |
Түрік қағанаттары және ортағасырлық мемлекеттер (VI–XIII ғғ.)
| № | Дата | Оқиға |
|---|---|---|
| 9 | 552–603 жж. | Түрік қағанатының өмір сүрген мерзімі. |
| 10 | 603–704 жж. | Батыс Түрік қағанатының өмір сүрген мерзімі. |
| 11 | 704–756 жж. | Түргеш қағанатының өмір сүрген мерзімі. |
| 12 | 751 ж. | Атлах (Талас) шайқасы. |
| 13 | 756–940 жж. | Қарлұқтар мемлекетінің өмір сүрген мерзімі. |
| 14 | 870 ж. | Әбу Насыр әл-Фарабидің өмірге келген жылы. |
| 15 | 942–1212 жж. | Қарахан мемлекетінің өмір сүрген мерзімі. |
| 16 | IX ғ. соңы – XI ғ. басы | Қимақ мемлекетінің өмір сүрген мерзімі. |
| 17 | XI ғасыр. | Жүсіп Баласағұнидің «Құтты білік» поэмасының жазылған мерзімі. |
| 18 | XII ғасыр. | Қожа Ахмет Йассауидің «Диуани Хикмет» еңбегінің жазылған мерзімі. |
| 19 | 960 ж. | Қарахан мемлекетінде ислам дінін мемлекеттік дін деп жариялануы. |
| 20 | XI ғ. басы – XIII ғ. басы | Қыпшақ хандығының өмір сүрген мерзімі. |
Алтын Орда және Қазақ хандығы (XIV–XVIII ғғ.)
| № | Дата | Оқиға |
|---|---|---|
| 21 | 1312–1342 жж. | Алтын Ордада Өзбек ханның билік құрған жылдары. |
| 22 | 1382 ж. | Тоқтамыс хан Мәскеуді өрттеп, орыс князьдарының салық төлеуін қалпына келтірген уақыт. |
| 23 | 1428–1468 жж. | Әбілқайыр хандығының өмір сүрген мерзімі. |
| 24 | 1465 ж. | Қазақ хандығының құрылуы. |
| 25 | XVI ғ. басы | Қасым ханның билік еткен уақыты. |
| 26 | XIV ғ. ортасы – XVI ғ.басы | Моғолстан мемлекетінің өмір сүрген жылдары. |
| 27 | 1538–1580 жж. | Хақназар ханның билік еткен уақыты. |
| 28 | 1582/1583–1598 жж. | Тәуекел ханның билік еткен уақыты. |
| 29 | XVI ғ. соңы – XVII ғ. басы. | «Есім ханның ескі жолы» заңдарының шығуы. |
| 30 | 1628/1629–1652 жж. | Жәңгір ханның ел билеуі. |
| 31 | 1643 ж. | Орбұлақ шайқасы. |
| 32 | 1680–1715/1718 жж. | Тәуке ханның билік еткен уақыты. |
| 33 | 1726 ж. | Ордабасыда бүкілқазақтық құрылтайының өтуі. |
| 34 | 1723 ж. | «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаның» («Ұлы апат жылдары») басталуы. |
| 35 | 1726/1728 ж. | Бұланты шайқасы. |
| 36 | 1729/1730 ж. | Аңырақай шайқасы. |
Абылай хан және Ресей империясы құрамындағы Қазақстан (1771–1916)
| № | Дата | Оқиға |
|---|---|---|
| 37 | 1771–1781 жж. | Абылайдың Қазақ хандығын басқарған жылдары. |
| 38 | 1783–1797 жж. | Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс. |
| 39 | 1822 ж. | «Сібір қырғыздары (қазақтары) туралы Жарғының» қабылдануы. |
| 40 | 1824 ж. | «Орынбор қырғыздары (қазақтары) жөніндегі Жарғының» қабылдануы. |
| 41 | 1802–1847 жж. | Кенесары Қасымұлының өмір сүрген жылдары. |
| 42 | 1835–1865 жж. | Шоқан Уалихановтың өмір сүрген жылдары. |
| 43 | 1837–1847 жж. | Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс. |
| 44 | 1841–1889 жж. | Ыбырай Алтынсариннің өмір сүрген жылдары. |
| 45 | 1845–1904 жж. | Қазақтың ұлы ақыны, ойшылы әрі ағартушысы Абай Құнанбаевтың өмір сүрген жылдары. |
| 46 | XIX ғ. 50 жж. | Патшалық Ресейге қарсы Жанқожа Нұрмұхамедұлының көтерілісі. |
| 47 | 1858–1931 жж. | Ш.Құдайбердіұлының өмір сүрген жылдары. |
| 48 | 1866–1937 жж. | Әлихан Бөкейхановтың өмір сүрген уақыты. |
| 49 | 1893 ж. | В.Томсен ежелгі түркі жазбаларының құпиясын ашты. |
| 50 | 1913–1918 жж. | «Қазақ» жалпыұлттық газетінің шығуы. |
| 51 | 1916 ж. | Қазақстан және Орта Азиядағы ұлт-азаттық қозғалыс. |
Алаш және соғысқа дейінгі кеңестік Қазақстан (1917–1938)
| № | Дата | Оқиға |
|---|---|---|
| 52 | 1917 ж., шілде | «Алаш» партиясының құрылуы. |
| 53 | 1917 ж., желтоқсан | Орынбордағы II жалпықазақ съезі. Алаш-Орда үкіметінің құрылуы. |
| 54 | 1919 ж., 10 шілде | Қазақ өлкесін басқару жөніндегі революциялық комитет құрылған мерзім. |
| 55 | 1920 ж., 26 тамыз | Қырғыз (Қазақ) АКСР-нің құрылуы туралы жарғысы қабылданды. |
| 56 | 1925 ж., сәуір | Қазақ Кеңестерінің V съезінде қазақ халқының тарихи атауы қалпына келтірілді. |
| 57 | 1925 ж. | Қазақ АКСР-i астанасын Орынбордан Қызылордаға көшірілуі. |
| 58 | 1925 ж. | Әнші Ә.Қашаубаев Парижде өткен Дүниежүзілік көрмедегі этнографиялық концертте ән шырқаған жыл. |
| 59 | 1926 ж., 13 қаңтар | Қызылорда қаласында қазақтың алғашқы кәсіби театры ашылды. |
| 60 | 1928 ж. | Алғашқы жоғары оқу орны – Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтының ашылуы. |
| 61 | 1929 ж. | Қазақ АКСР -i астанасын Қызылорда қаласынан Алматы қаласына көшірілуі. |
| 62 | 1931–1932/1933 жж. | Күштеп ұжымдастыру жылдарындағы жаппай ашаршылық. |
| 63 | 1936 ж. | Қазақ АКСР-інің одақтық республика болып қайта құрылуы (ҚазКСР). |
| 64 | 1937–1938 жж. | Жаппай қуғын-сүргіннің орын алуы. |
| 65 | 1937 ж. | Қазақ КСР Конституциясының қабылдануы. |
Соғыс және кеңестік кезеңнің соңы (1941–1990)
| № | Дата | Оқиға |
|---|---|---|
| 66 | 1941–1945 жж. | Ұлы Отан соғысы жылдары. |
| 67 | 1946 ж. | Қазақ КСР Ғылым академиясының құрылуы. |
| 68 | 1949 ж. | Семей ядролық полигонындағы алғашқы атомдық жарылыс. |
| 69 | 1949 ж. | М.Әуезовке «Абай» романы үшін КСРО Мемлекеттік сыйлығының берілуі. |
| 70 | 1954 ж. | Тың және тыңайған жерлерді игерудің басталуы. |
| 71 | 1946–1954 жж. | Ж.Шаяхметовтың ҚазКСР КП ОК-нің бірінші хатшысы болған жылдары. |
| 72 | 1959 ж. | Теміртаудағы жұмысшылар толқуы. |
| 73 | 1961 ж. | О.Сүлейменовтың «Адамға табын, Жер, енді» өлеңінің жарық көруі. |
| 74 | 1960–1962, 1964–1986 жж. | Д.А. Қонаевтың Қазақ КСР Компартиясы ОК бірінші хатшысы қызметін атқарған жылдары. |
| 75 | 1963 ж. | Ядролық қаруларды атмосферада, ғарышта және су астында сынауға тыйым салу туралы келісімшарт. |
| 76 | 1969 ж. | Есік қорғанынан «Алтын адам» табылуы. |
| 77 | 1978 ж. | Қазақ КСР Конституциясының қабылдануы. |
| 78 | 1979 ж. | Целиноград қаласындағы Қазақстанда неміс автономиясын құруға қарсы наразылық шеруі. |
| 79 | 1986 ж. | Желтоқсан оқиғасы. |
| 80 | 1988 ж. | Ш. Құдайбердиев, А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, М. Дулатовтардың ақталуы. |
| 81 | 1989 ж., шілде | Қарағанды шахтерлерінің ереуілі. |
| 82 | 1989 ж. | О. Сүлейменов бастаған «Невада-Семей» экологиялық қозғалысының құрылуы. |
| 83 | 1989 ж. | «Тілдер туралы Қазақ КСР Заңының» қабылдануы, қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болуы. |
| 84 | 1990 ж., 25 қазан | Қазақ КСР-нің Егемендігі туралы Декларацияның қабылдануы. |
Тәуелсіз Қазақстан (1991 жылдан бастап)
| № | Дата | Оқиға |
|---|---|---|
| 85 | 1991 ж., 29 тамыз | Н.Ә. Назарбаевтың Семей ядролық полигонын жабу туралы Жарлыққа қол қоюы. |
| 86 | 1991 ж. | Қазақ КСР-інің алтын қоры мен алмаз қорының құрылуы. |
| 87 | 1991 ж., 1 желтоқсан | Н.Ә. Назарбаевтың бүкілхалықтық сайлауда Қазақстан Президенті болып сайлануы. |
| 88 | 1991 ж., 16 желтоқсан | Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңының қабылдануы. |
| 89 | 1992 ж. | Қазақтардың дүниежүзілік алғашқы құрылтайының өтуі (Алматы қ.). |
| 90 | 1992 ж. | Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы мен Елтаңбасының бекітілуі. |
| 91 | 1992 ж., 2 наурыз | Қазақстан Республикасының БҰҰ-ға толыққанды мүше болып қабылдануы. |
| 92 | 1993 ж., 15 қараша | Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңгенің енгізілуі. |
| 93 | 1997 ж. | Жалпыұлттық татулық пен қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы. |
| 94 | 1997 ж. | Қазақстан Республикасының астанасы Алматы қаласынан Ақмола қаласына көшірілуі. |
| 95 | 1999 ж. | ЮНЕСКО шешімімен Астана қаласына «Бейбітшілік қаласы» мәртебесінің берілуі. |
| 96 | 2002 ж. | Қазақтардың екінші дүниежүзілік құрылтайының өтуі (Түркістан қ.). |
| 97 | 2010 ж. | Қазақстан ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі. |
| 98 | 2011 ж. | Қазақстанда VII қысқы Азиада ойындарының өткізілуі. |
| 99 | 2017 ж. | Қазақстанда дүниежүзілік ЭКСПО көрмесінің өткізілуі. |
| 100 | 2019 ж. | Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Республикасының Президенті болып сайлануы. |
Дереккөз: ҰТО, «Қазақстан тарихы» пәні бойынша маңызды оқиғалардың хронологиялық кестесі, 2026 жылғы қыркүйек. Тек қате жазылғандар түзетілді, тұжырымдар — ҰТО-дағыдай.
Мұны өз балыңда тексергің келе ме? Байқау тест тегін және тіркелусіз.
Байқау тестті өту